ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаевтың жазасы жеңілдетілді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нартай Дүтбаевтың бас бостандығынан айыруы мерзімін қысқартты.

Бұл туралы оның адвокаты Негмат Исергепов мәлімдеді.
Құқық қорғаушының айтуынша, 22 қаңтарда Жоғарғы Соттың кассациялық кеңесі Дутбаевқа қатысты шешімін шығарды. Оның жазасын 12 жылдан 11 жылға дейін қысқартты.
Адвокаттың айтуынша, кассациялық сот жабық есіктерде өткізіліп, соған байланысты ол істің басқа да мәліметтерін ашып бере алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нартай Дутбаев сотталды. Ақшаны жылыстатумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды жариялауға байланысты айыпталып бұрынғы лауазымды тұлға 12 жылға түрмеге жабылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды