Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК: Төлешов жер реформасына қарсы наразылық шарасын қаржыландырған

Қамауға алынған ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешев жер реформасына қарсы билікті күшпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен брифингте ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев мәлім етті.

1e06bbc0-fd27-4728-9e44-8a5910776aea

Сурет: today.kz 

«Бізде Тоқтар Төлешовтың өткен жылдың желтоқсан айында жер реформасына қарсы Атырау, Алматы, Орал, Қызылорда, Астана қалаларындағы шерулердің қаржыландырғаны жөнінде мәлімет бар», – деді Карасев.

Карасаевтың айтуынша, қарсылық наразылығы бұдан сәл бұрын болуы керек болған. Алайда, Төлешовтың ұсталғанына байланысты шараны ұйымдастырушыла мерзімді өзгерткен. Олардың бірталайы құрықталды.

Төлешов жоспарын орындау мақсатында құқық қорғау органдарындағы қазіргі және бұрынғы лауазымды тұлғалар арасында өз жақтастарын іздеген. ҰҚК қызметкерлері Төлешовтың жоспарын іске асырмаққа пайдаланбақ болған қарулары мен жарылғыш заттарын тапты»,- деді ҰҚК-нің өкілі.

Бұған дейін Төлешовтың арнайы операция арқылы ұсталанын, оның зауытын күзеткен азаматтардың ереуілге шыққанын, оның әйгілі сыра зауыты сатуға қойылғанын хабарлаған едік.

Талқылау