Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үкімет жүкті халыққа артып отыр": Қоғам белсендісі Мұхтар Жәкішев елдегі салықтардың көбеюі үлкен қозғалысқа әкелетінін айтты

Қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев елдегі экономикалық жағдайлардың соңы халыққа үлкен жүк болатынын жеткізді. Айтуынша, базалық мөлшерлеменің өсуі, қосымша құн салығы, тарифтердің ұлғаюы сияқты шаралар соңында қымбатшылыққа әкеледі. Кәсіпкер осы тұста үкіметтің халық қалтасына қатты салмақ салмайтындай шара жасауы керек екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: бағдарлама кадрларынан скрин

Мұхтар Жәкішев “Гиперборей” бағдарламасына келіп, елдегі жағдайды талқылады. Айтуынша, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені 16,5% - ға дейін көтеруі, тарифтердің ұлғаюы, теңгенің құбылмалылығы, инфляцияның үдеуіне ғана алып келді.

Ал қосылған құн салығын 16% - ға дейін арттыру қазақстандық бизнеске тұсау салумен тең. Дегенмен, кәсіпкердің айтуынша, түптеп келгенде қымбатшылық орнап, барлық жүк халықтың мойнына артылады.

“Қосымша құн салығын алып қарасақ та, кәсіпкерлердің қазіргі табыстары ондай салық төлеуге келмейді. Алайда бұл шара қолданылатын болса, олар ақырында барлық тауардың бағасын сол 16%-ға қымбаттатады. 

Үкіметтің бюджет қаражатын толтыруға белсенді түрде тырысып жатқаны белгілі. Бірақ қай жақты көтерсек те, ауыртпалықтың бәрін тек бір ғана бағыт сезінеді. Ол халық. Түптеп келгенде жауапкершілік пен ауыртпалықты халықтың мойнына артып отырмыз”, – деді ол.

Жәкішевтың айтуынша, онсызда халық жалақыдан жалақыға жете алмай, несиеге батып жүр. 

“Жақында бір статистикаға көз жүгірттім. Онда еліміздегі үй шаруашысындағы әйелдердің кірісінің 47,2 %-ын несие төлейтіні көрсетілген. Яғни жалақысының жартысын қарызын өтеуге береді. Енді сол несиенің пайыздары бар 25%-дай. Сонда жалақыдан өзіне тек 25% ғана қаражат қалады. 



Онсызда олардың жалақыдан жалақыға жете алмай несие алғаны анық. Оларда жинақта тұрған, артық ақша жоқ. Ал біз келіп тағы қосымша құн салығын салуды ұсынып отырмыз. Бұл әрине тұтынушы халыққа ауыртпалық болады. 

Мен бұл шешімді мүлде дұрыс емес деп есептеймін. Тіпті дөңгелек үстелде осыны талқылаған кезде мықты экномистер мұны “нағыз әлеуметтік жағдайдың жарылысы” болатынын ескертті. Егер бұлай жағдай ушықса, революциядан қаша алмаймыз”, – деп қосты ол. 

Кәсіпкер халық арасында қозғалыс орын алмай, жағдайды тұрақты ұстау үшін бюджет қаражатын басқа тәсілдермен толықтыруды ұсынды: 

  • барлық бюджеттік бағдарламалардың аудиті мен ревизиясын жасау;
  • осындай көздерден түсетін салық түсімдерін ұлғайту: 
  • кедендік баждар; 
  • ірі бизнестің КТС 20% - дан 30% - ға дейін өсуі%;
  • үлкен компанияларға нарықтық емес артықшылықтарды жою; 
  • квазимемлекеттік секторды оңтайландыру: "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ тарату, ұлттық компаниялар жұмысының тиімділігін тексеру, қызметтің бейінді емес түрлерін жою және т. б.
Талқылау