Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет Қазақстан экономикасы рекордтық өсім көрсеткенін мәлімдеді

Фото: freepik.com

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан соңғы 12 жылда ішкі жалпы өнім бойынша ең жоғарғы көрсеткішке жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұманғарин үкімет отырысында бірінші жартыжылдықта экономиканың өсімі 6,2 пайызға жетіп, алғашқы бес аймен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа өскенін атап өтті.

"Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен жоғары және соңғы 12 жылдағы ЖІӨ-нің ең жоғары көрсеткіші", – деді премьер-министрдің орынбасары.

Нақты сектордағы өсім 8 пайызға, қызмет көрсету өндірісі 5,2 пайызға өскен.

"Негізгі драйверлер (өсудің – ред.) – көлік және құрылыс. Сауда жанданып, тау-кен өнеркәсібі өсуде, өңдеу өнеркәсібі – 5,5 пайызға, ауыл шаруашылығы 3,7 пайызға өсті", –  деп мәлімдеді Серік Жұманғарин.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 19,3 пайызға өсті.

Бұл ретте ол сыртқы сауда төмендегені байқалғанын атап өтеді. Қаңтар-мамыр айларында сыртқы сауда айналымы 53,5 млрд доллар болған.

"Сыртқы сауданың жалпы төмендеуіне қарамастан, оң сауда сальдосы сақталып отыр – 6 млрд доллар", – деді Жұманғарин.

Жаңа өнім экспорты 35,2 пайызға өсіп, астық эквивалентінде 11,8 миллион тонна астық пен ұн, оның ішінде астық экспорты 9 миллион тонна болды, бұл – соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Негізгі экспорттық бағыттар Өзбекстан, Тәжікстан, Иран және Әзірбайжан болған.

Вице-премьердің айтуынша, тау-кен өнеркәсібі жоғары өсу қарқынын сақтап отыр – плюс 8,4 пайыз. Бұған мұнай өндірудің 11,6 пайызға, көмірдің 11,7 пайызға артуы себеп болған.

Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджеттің кірісі 11,4 трлн теңге болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118,8 пайызды көрсеткен.

Бұл Қазақстандағы салық тәртібі мен экономикалық өсудің нәтижесі. (...) Жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс аяқталды, парламент құжатты маусымда қабылданды. 2026 жылдан бастап жаңа салық тетіктері бюджетке қосымша 3-5 триллион теңгеге жуық түсім береді. Бұл бюджеттің кіріс бөлігін нығайтады және мемлекеттің экономикалық өсуді ынталандыру мүмкіндігін кеңейтеді", - деді Серік Жұманғарин.

Премьер-министрдің орынбасары жақын арада үкіметтің тиімді экономикалық өсу бағдарламасы әзірленетінін айтты.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 11:05
Талқылау