Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үкімді жеңілдетіп беремін": Бишімбаевтың туыстарынан 100 миллион теңге жымқырған елордалық әйелге қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Бишімбаевтың туыстарынан 100 миллион теңге бопсалаған Астана тұрғынының ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Kaztag

Агенттіктің ресми өкілі Данияр Биғайдаров, сотқа дейінгі тергеу сотталған Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша жүргізілгенін еске салды.

"Ол Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деген желеумен аса ірі көлемде алаяқтық жасады. Алдау жолымен 100 миллион теңгені алды деп күдіктеліп отыр. Сонымен қатар, күдіктінің ісі аса ірі көлемде пара беруге итермелеу әрекеті ретінде сараланады", – деді агенттік өкілі.

 



Оның айтуынша, күдіктінің қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары анықталып жатыр. 

"Қазір оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды, тергеу аяқталды. Іс қаралып жатыр", – деді ол. 

Еске салайық, 2024 жылы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 21 маусымда Астана тұрғыны Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деген желеумен, алдау арқылы 100 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Талқылау