UFC жауынгері Бекзат Әлмаханға Triumph Fights жекпе-жек клубының бас демеушісі үй сыйлады

Әлемдік деңгейдегі жарыстарда Қазақстанның туын биік ұстап жүрген UFC спортшылары Бекзат Әлмахан мен Азат Мақсұмға бағалы сыйлықтар берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Triumph Fights жекпе-жек клубының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған бейнежазбада көрермендерді тебіренткен сәт бейнеленді. Клубтың бас демеушісі қос спортшыны жеке құттықтап, оларға бағалы сыйлықтар табыс етті. Бекзатқа — жаңа үй, ал Азатқа — мотоцикл сыйға берілді.
Еске салайық, Бекзат Алмахан 2025 жылдың 10 мамырында өткен UFC 315 турнирінде Брэд Катонамен кездесіп, жекпе-жектің бірінші раундында небәрі 64 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Бұл оның UFC-дегі алғашқы айқын жеңісі ретінде тіркелді.
Ал Азат Мақсұм 21 маусымда Баку қаласында өткен UFC on ABC 8 турнирінде ресейлік Тагир Ұланбековпен толық үш раундтық жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңіліп қалды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

