Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC шебері Шавкат Рахмонов Ресей туының астында өнер көрсететіні туралы ақпарат тарады

Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов күтпеген жерден ресейлік спортшылардың тізімінде пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Шавкат Рахмоновтың желідегі парақшасынан

Танымал ММА сарапшысы Ксавье Лафламм UFC басшысы Дана Уайтқа ресейлік спортшылар мен америкалықтар арасында супертурнир ұйымдастыруды ұсынды.

Ұсынылған жекпе-жек кешінің құрамында жеңілмеген қазақстандық жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов та бар, бірақ оны Ресей туының астына қойған. Сонымен қатар Лафламм турнирдің өтетін орнын және нөмірін де белгілеген.

"UFC 318: Филадельфияда АҚШ Ресейге қарсы бақ сынайды:

  • Дастин Порье – Ислам Махачев; 
  • Джамахал Хилл – Магомед Анкалаев; 
  • Колби Ковингтон – Шавкат Рахмонов; 
  • Шон О’Мэлли – Умар Нурмагомедов; 
  • Деррик Льюис – Сергей Павлович; 
  • Майкл Чендлер – Арман Царукян; 
  • Кевин Холланд – Абубакар Нурмагомедов; 
  • Бо Никал – Икрам Алискеров", – деп жазды америкалық сарапшы желідегі парақшасында.



Еске салайық, бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад титулдық жекпе-жекке келесі үміткер ретінде қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновты атады. BelieveYouMePodcast подкастында Мұхаммад Леон Эдвардстың жақын арада реванш алу мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Осылайша, Шавкат Рахмонов UFC титулдық жекпе-жегіне бір қадам жақындап, Қазақстаннан шыққан алғашқы UFC чемпионы атануға мүмкіндік алуы мүмкін.

 

Талқылау