Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

UFC-дің бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну 17 жастағы қызды көлікпен қағып өлтірді

Фото: Getty Images

UFC-дің бұрынғы ауыр салмақ чемпионы Фрэнсис Нганну Камерунда өліммен аяқталған жол апатына қатысқан деген ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 2025 жылдың 20 сәуірінде ел астанасы Яунде қаласында болған. Әртүрлі дереккөздерге сүйенсек, Нганну мотоциклмен жүріп бара жатып, достарымен серуендеп қайтып келе жатқан 17 жастағы Нтсама Бриджит Мануэлла есімді қызды қағып кеткен.

Жол апатынан кейін Нганну бірден көмек көрсетіп, қызды өзі Яунде қаласындағы Орталық ауруханаға жеткізген. Онда дәрігерлер шұғыл операция жасағанымен, өкінішке қарай, алған жарақаттарынан ол көз жұмды. Нганну барлық емдеу шығындарын өз мойнына алған.

Жол апатының нақты мән-жайы әлі анық емес. Кей деректерде Нганну мотоциклді өзі жүргізгені айтылса, басқа дереккөздерде ол жолаушы болғаны, ал соқтығысу басқа көлікпен болғаны жазылған. Жергілікті билік бұл оқиғаны толық зерттеуді талап етуде. Қазіргі уақытта спортшыға қатысты қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па – белгісіз.

Франсис Нганну оқиға бойынша әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 14:39
Талқылау