УЕФА Ұлттар лигасы: Норвегия құрамасы Қазақстанға жауапсыз бес гол соқты
Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы матчында ойсырай ұтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионындағы соңғы ойнын сырт алаңда Норвегияға қарсы өткізіп, тағы да гол соға алмай ұтылды. Ослодағы “Уллевол стадионда" өткен матчта Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз 5 гол соғылып, ойсырай ұтылды. Норвегиялық футболшылардың ішінде Эрлинг Холанн хет-трик жасаса, Александер Серлет пен Антонио Нуса бір-бір голдан соқты. Осылайша ресейлік маман Станислав Черчесов Ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы Қазақстан бесінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырап, тек бір ғана ұпайға ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан қазір өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орынға қалып, В дивизионынан С дивизионына түсіп қалды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

