Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-ға қатыса алмай қалған түлектерге қайта тапсыруға рұқсат беріледі

Биыл мектеп түлегі белгілі бір себептермен тестілеуге қатыса алмаса, келесі лекпен қайта тапсыруға рұсат берілді.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

«2018 жылы белгілі бір себептермен тестілеуге қатыса алмаған оқушының қабылдау комиссиясының рұқсатымен өз аймағындағы келесі лекпен тапсыруына жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Р. Әлімқұлов.

Бұрынғы ереже бойынша ҰБТ-ға өз легімен қатыса алмаған түлекке сол жылы қайта тапсыруға рұсат болмаған.

Оның айтуынша, Биылғы ҰБТ өткен жылғыдай бес пән бойынша: үш міндетті және екі таңдау пәні бойынша өтеді. Міндетті пәндер арасында математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы пәндері бар.

Тест тапсырмаларының базасы 50%-ке жаңартылды. 2017 жылы бізде 80 000 тест тапсырмалары болса, биыл олардың саны 120 мыңнан асады.

«Тапсырмалардың шамамен 11%-і функционалды сауаттылығын анықтауға бағытталса, шамамен 37% тест тапсырмаларының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Бұл өз пәнін тереңірек түсінуге және құр жаттап қана қоймай, ойлануға мүмкіндік береді.

10 қаңтардан бастап шыққан сынақ тестіндегі сұрақтар 2018 жылғы ҰБТ тапсырмаларынаа ұқсас болады. Бұл дәл сол сұрақтар келеді деген сөз емес», – деді Рамазан Әлімқұлов.

Тағы оқыңыз:

ҰБТ-2018: Қандай сұрақтар алынып тасталды

Өскеменге Голливуд жұлдыздары келді (фото)

Ресейдегі ұшақ апатынын тағы бір Қазақстан тумасы қаза тапты

Боғауыз сөздер айтып төбелес шығарғысы келген жігіттен полиция қызметкерлері қашып кетті

Талқылау