Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уайым басым": Ләйлә Сұлтанқызының тұңғышы Нидерландқа оқуға аттанды

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы ұлы Сағадаттың шетелге оқуға кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

БАҚ өкілі ұлының Нидерланд еліндегі Халықаралық бизнес администрация факультетін таңдаған. 

“Аллаға аманатсың" деп ана жүрегі сәл тынышталып, үйге қайтты. Үлкенім ержетіп, үлкен өмірге аяқ басты. Мамандық таңдаудан қателеспегенімізге сенемін. Біздің жұмысымызды жеңілдетіп, құжатын түгендеп, бағытын анықтаған, ЖОО таңдауға көмектесіп, жатақханаға орналасуына дейін реттеп берген білім беру ұжымына алғыс! Енді Сардарды дайындаймыз. Қайтып келгеніме көп болмаса да, әзірге жүректе уайым басым. Өз қолы өз аузына жетіп, мықты маман болып шығу бұйырсын! Ауырмасын бастысы”, – деп жазды журналист. 



Сондай-ақ мамандық таңдауға қатысты өз пікірін де білдірді. 

“Сағадат осы саланы таңдаймын дегенде қарсы болмадым. Мамандық таңдауға келгенде жүрек қалауына қалдырдым. Бағыттап, жол көрсетпедім. Бағыт-бағдар бермедім. Өзінің шешіміне қалдырдым. Мамандық таңдау бойынша ата-аналарға да осы кеңесті беремін. Бала не қалайтынын, қандай саланы оқығысы келетінін өзі айтуы керек”, – деді медиа маманы.

Еске салайық, тележурналист ұл тәрбиесіне қатысты ойын бөліскен еді. 

Талқылау