Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін күшпен тартып алған - Баян Мақсатқызы

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін әлдекімдер күшпен тартып алған. Бұл туралы оның жары Баян Мақсатқызы жария етті. Ол жақын арада өзіне және күйеуіне қысым көрсеткен адамдардың аты-жөнін жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

YouTube арналарының бірінде кеше ұсталған Қайрат Сатыбалдыұлы белгілі адамдардың бизнесін тартып алды деген даулы ақпарат тараған. Онда құрбан ретінде Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызының суреттері жарияланған. Продюсер мұны көрсе де, ұзақ уақыттан бері еш жауап бере алмағанын айтты. Өйткені: 

"Шындықты айтуға мүмкіндігім болмады. Себебі қоқан-лоққы мен қысым көрсетілді. Жақын арада күйеуімнің бизнесін қалай тартып алғаны жөнінде бар шындықты айтамын. Әділ тергеу жүреді деп үміттенемін", – деген Алагөзова елімізге танымал фамилия иелерін жариялайтынын айтты.


"Өз басшысын құрметтемейтін халық Құдайдың қаһарына ұшырайды": Қайрат Сатыбалды деген кім?


“Қазақстандықтар бұған таңғалады деп ойламаймын. Себебі мұндай жағдайға жүздеген кәсіпкерлер тап болған”, – деді Мақсатқызы. 

 

 

Талқылау