Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрсынбек жерге кіріп кеткен шығар": Жұлқына билеген Қабатовтың әйелі оңбай сынға қалды

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанның бөтен еркекпен ауызашарда ерсі билеген видеосы тарап кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасиетті айда ел алдында жүрген Мөлдір Мұқанның секіріп билегені көпке жақпай қалды. 

“Біреу тоңып секіреді біреу тойып секіреді”, “Өте ерсі, ұят көрініп тұр”, “Тұрсынбек жерге кіріп кеткен шығар”, “Елге танымал жігіттің жары абыроймен жүрсе, шіркін”, “Ауызашарда билейді ме?”, – деп жазған жұрт әзілкештің әйелін сынап тастады.

Алайда Мөлдірдің өзі бұл қылығын ерсі деп санамайды. Жас кезде ойнап-күліп, көңіл көтеру керек дей ойлайтын ол халықты бұл әрекетіне түсіністікпен қарауға шақырды.

“Пабликтерге шығып, үлкен қателік жасағандай шулатып жатырсыздар ма? Соған уақыттарыңызды қалай қиясыздар? Жас кезіңде ойна да күл дейді. Биле, рахаттан, өмір ғажап. Өмірде ренжитін, мұңаятын дүниелер толып жатыр. Біздің өміріміз бимен, ойынмен өтіп жатқан жоқ. Бізде де проблема бар, біз де жылаймыз, мұңаямыз. Бірақ әлеуметтік желіде әдемі сәттерімізбен бөлісеміз. Біздің өміріміз таңғажайып ертегідегідей емес. Сол себепті түсіністікен қараңыздар”, – дейді Мөлдір Мұқан.

Сынның астында қалған құрбысын қолдамақ болған әнші Қарақат Әбілдина да Мөлдірдің биінен еш өрескелдік көрмейді.

“Биіңнің хит болғанының қадір-хайыры “галочка” алыпсың. Құтты болсын, алтыным! Адам өзінің табиғаты, бітім-болмысына сай өмір сүруі керек. Мөлдірдің әдемі, көңілді жүруі, айналасына шуағын шашып жүргені, аппақ жүрегі өзінің табиғатына тән. Өз басым ешқандай ерсі, өрескел нәрсе байқаған жоқпын. Жарқырай бер, жаным! Ол сенің ата-анаңнан дарыған жаратылысың, табиғатың. Мен де сондаймын”, – дейді әнші Қарақат Әбілдина.

 

 

Талқылау