Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек: Әлі танылмаған кезім, бір қыз мені менсінбей бетімді жаман қайтарып тастап еді

Тұрсынбек Қабатов мектеп бітірген уақытта өте тұйық, әлі ашыла қоймаған бала болғанын айтады. Тіпті танысқан қыздардың өзін менсінбегенін біледі. Бүгінде бұл кездерді күліп қана еске алады. 

Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Тұрсынбек Қабатов жары Мөлдірге айтпаған сырын ел алдында айтты. Өзінде ешнәрсе жоқ кезде басын қадірлеген жарына алғыс айтып өтті.

"Ауылда жүргенде ауылша киінуші едік қой. Мен таза ауылдың баласы едім. Шаш өсіп кеткен, соңы бұйраланып, қайырылып, күнге күйіп кеткен. Оны қатырып аламыз. Өзімнен екі размер үлкен киім киіп аламыз. Жарассын жараспасын өзіме сәнді деп киіп алғаным қалалықтарға күлкілі көрінеді екен. Бірде 4 жігіт болып қыздармен танысуға Оралға бардық. Оралдың қалалық қыздары мені жақтыра қойған жоқ. Үш жігітпен сөйлесіп отырды.

Мен өтірік күліп, қастарында отырдым. Адамның өзіңді жақтырмағанын сезесің ғой. Айнаға қарап қоям қай жерім жаман болып тұр деп. Бір уақытта вальс қойылды. Үш жігіт үш қызды биге шақырды. Бір уақытта мен де икемделе бастап едім, төртінші қыз "мені биге шақырма" деп айқай салды. Шошып кетіп отыра бердім. "Мен сенімен билемеймін" деді", - деп күледі әзілкеш.

Бұл актердің шынында басынан өткен оқиғасы. Осы ретте жары Мөлдірге алғысын айтады.

"Төрт қыз бен жігіт болып қайтатын уақытта жігіттер қыздарды шығарып салатын болды. Әлгі қыз "мен мынаумен қайтпаймын" деп айқайды салды. Мен қазір Мөлдірге рахметімді айтамын. Менің сол кездегі түріме қалай қараған деп таңғаламын", - деді актер.


Тұрсынбек Қабатов: Бала күнімде дәрігерлер менің бір аяғымды кесіп тастамақ болған, әкем рұқсат етпеді


 

Талқылау