Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір-бірімізге мұқтажбыз": Мөлдір Мұқанова балаларымен жантебірентерлік видео жариялады

Балаларымен видеоФото: https://www.instagram.com/moldir.mt

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, жұрттың жүрегін елжіретті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі балаларымен бір-біріне алғыс айтып жатқан сәтінен видео жариялаған. Кадрларда әрбір алғыс сөзден кейін құшақтасып, көздеріне жас алғаны көрінеді. 

“Қазір бір-бірімізге қатты мұқтажбыз. Жылы сөзімізбен, махаббатымызбен бір-бірімізді емдеп жүрміз. Осындай өзіммен қатар өскен ақылдары дария балаларым барда енді қиналмайтын сияқтымын…” – деп жазған продюсер.

Бұдан бөлек, өнер иесі әр баласының алғыс сөздерін де жариялаған. Видеода жұлдызды жұптың тұңғыш қызы Әдемінің іні-сіңлілеріне жылы сөздер айтып жатқаны түсірілген.

“Нұриман, әдетте көп сөйлемесең де, барлық дүниені байқайсың. Менің туған күнімде шаршағанымды байқап, гүл сыйладың, көңіл-күйімді көтердің. Айым мен Айаруды ойлап, оларға ақыл айтып жүресің. Қазірден отбасымыздың еркегі болып жүрсің. Саған көп рақмет”, – дейді Әдемі.

Мөлдір Мұған видео астына қызы Әдемі өзін сөзсіз түсінетін жанашары екенін жазған.

“Әдемі - мені ана бақытына бөлеген тұңғышым. Қазір құрбым сияқты. Мені сөзсіз түсінетін жанашырым. Алыста жүрсе де, анасы мен бауырларына үнемі елеңдеп отырады. Тұңғыштың аты тұңғыш!” – деп жазған ол.

Бұл видеолар желі қолданушыларын тәнті болып, түрлі пікір қалдырып жатыр.

“Жантебірентерлік жылы видео”, “Бәрі жақсы болады”, “Жыламай қарау мүмкін емес, аман жүріңдерші көкелерім”, “Аллам қолдасын, алтындарым сол”, “Ешнәрсе етпейді, уақыт бәрін емдейді. Тек алға”, “Ақылды балақайлар, ертеңгі күндерің жаксылыққа толы болсын!”, “Тұрсынбекті тартып алған сайқал әйел бар ғой оңбайды, балдардың көз жасы жібермейді…… Әдемі ұйып отырған отбасын бұзды тексіз”, “Мөлдір балаларын неге қинап жүр? Керісінше, оларға өзінің қиналғанын көрсетпеу керек. Бұл деген нағыз мазақ қой, балалардың психикасын бұзып жатыр”, “Мөлдір, керемет әйелсіз ғой, неге еркекке бола қиналып жүрсіз?”, “Мөлдір мына оқиғаны үлкен трагедияға айналдырып отыр, күйеуі құдды бір соғысқа кеткен секілді. Өмірде бәрі болады. Бірақ балаларды бұлай жылатып, оны камераға түсіріп, дүйім дұртқа көрсету олар үшін стресс деп ойлаймын”, – деп жазып жатыр олар.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.

Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 18:03