Тұрсын Алагөзов: Бұрын Қайрат Нұртасты да, Айқынды да, ешбір әншіні танымайтынмын
Тұрсын Алагөзов шоу-бизнес әлемімен енді ғана танысып жатыр. Қазақстанда шоу-бизнес бар екенін білмеген кәсіпкер бүгінде әншілердің отбасына дейін таниды. Отбасымен бірге араласатынын айтады.
Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
“Мен бұрын әншілерді, әсіресе қазақстандық әншілерді таныған жоқпын. Баянның арқасында қазір Қайрат Нұртасты да, Айқында да, тіпті оның бірінші, екінші әйеліне дейін танимын. Юрмалада өткен концертте Айқынды көріп танымадым. Ол Қазақстан атынан ән айтты. Бұл кім екен деп ойладым. Мен Қазақстанда шоу-бизнес бар екенін білмеппін. Қазір бәрін танып жатырмын. Отбасымызбен араласамыз”, – дейді ол.
Кәсіпкердің айтуынша, ол желіде танылуды мақсат тұтпаған. Алайда Баян Мақсатқызының жарнамасынан соң оған 50 мың адам бір түнде жазылған екен.
- Тұрсын Алагөзов: Егер балаларым менімен сөйлеспесе, ол үшін мен кінәлі емеспін
- Тұрсын Алагөзов: Мен Баянды сүйіп қалдым, онсыз өмір сүре алмайтынымды білген соң бәрінен бас тарттым
“Бір түнде 50 мың адам жазылыпты. Сол кезде таңғалдым. Менің өміріме де ел қызығады деп ойламаппын. Солайша танылып шыға келдік. Мен негізі бизнеске біржола берілген адам едім. Шығармашылық қабілет бойымда бар. Бірақ оны пайдаланбадым. Әкем шығармашылық адам. Қанымызда бар. Соны Баян ашты”, – деді Алагөзов.
Баян Мақсатқызы өзінің толыққанда шығармашылық адам екенін, үй шаруасына арналмаған әйел екенін айтады.
“Менің қанымда шығармашылық өнер адамының ДНҚ-сы бар. Менің үйім де, ата-анам да, жолдасым да, айналамдағылар да, достарым да іш пыстырмайтын адамдар. Өзім де сондаймын. Жұмысым да сондай. Менің қанымда сондай қасиет бар”, – деді Баян ханым.