Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрғындардың өздері қоқысты балконнан тастайды": Жаңаөзен әкімдігі қоқыс үйілген жатақханаға байланысты пікір білдірді

Жаңаөзендегі жатақхананың бойында қоқыс үйіндісінің пайда болуына байланысты әкімдік өкілі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет Lada.kz-тен

Қазнетте Жаңаөзендегі 2-шағын аудандағы бес қабатты жатақхана маңында үйілген қоқыстың видеосы пайда болған еді. 

Бұл мәселеге қатысты Жаңаөзен қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділет Сами пікір білдірді. Ол бұл жатақханада халықтың әлеуметтік осал тобының өкілдері тұратынын түсіндірді.



"Қалдықтарды шығару мен қызмет көрсетушіні анықтау бойынша жыл сайын конкурс өтеді. Қазір тазалыққа "Азат" серіктестігі жауапты. Мәселе мынада: тұрғындардың өздері жарық пен суға, қоқыс жинауға ақша төлемейді. Олардың коммуналдық қызметке 30 миллион теңгеден астам қарызы жинақталған. Осыған қарамастан оларға қоқыс контейнерлері берілді. Бірақ тұрғындардың өздері балкондарынан қоқыс тастайды", – дейді Әділет Сами.

Талқылау