Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұлов: Өз оқушыма ессіз ғашық болдым, кейін үйлендім

Тұңғышбай Жаманқұлов өз оқушысына ессіз ғашық болып, үйленгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Тұңғышбай Жаманқұлов: Өз оқушыма ессіз ғашық болдым, кейін үйлендім

Танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің оқушысына үйленгенін мойындап, қалай ғашық болғанын айтып берді. Өнер иесінің айтуынша келіншегі оны еріксіз баурап алып, есінен танғанша ғашық қылған. Өзінен 24 жас кіші келіншегінің қандай екенін айтып берді ол. Алайда, сүйікті жары болса да, Тұңғышбай Жаманқұлов тағы да ғашық болып қалуы мүмкін екенін айтты.

"Мен өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім ғой. Есімнен тандырды, ғашық болдым, үйлендім. Жасы біраз жас. Арамыз екі мүшел. Екі ұл бір қызымыз бар, құдайға шүкір, қасымда. Әлі де басымда болмайды деп гарантия бере алмаймын", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.  

Естеріңізге сала кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов танымал театр актрисасы, педагог Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен бас қосқан. Қазір өнер иелері екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. 

Талқылау
Пікір
798005
01 Шіл, 20 жыл - 11:03

Көргенсіздік емес пе, тағы ғашық болуым мүмкін дей ме?!

Бетім-ай! 😥😪

1981 ж студенттермен кездесуде Рүстем, Дастан деген екі хоббиім бар деген... 

Артынан тұңғышымен құрдас жас қатынды құшқаны дұрыс болмады.

Ұят қой!