Тыңдармандары Мақпал Жүнісованың “қысқа” көйлегін сынады (фото)
Елімізге танымал әнші Мақпал Жүнісованың қысқа көйлегін желі қолданушылары сынап, түрлі мазмұндағы пікір білдірді.
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Әнші Мақпал Жүнісова осы уақытқа дейін сахнаға болсын, той-томалаққа болсын ұзын көйлек киіп баратын. Алайда бұл жолы әнші стилін өзгерткісі келген сияқты. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасына ұзындығы тізесіне дейін жететін көйлек киіп түскен суретін салған. Мұны көрген желі қолданушылары да бей-жай қалмады.
Бірі “Жарасып-ақ тұр. Бірақ сізді имандылықтың үлгісі деп келгенбіз” десе, енді бірі “Неге, қысқа көйлек киген жарасады екен ғой, қысқа кигеніңізді алғаш рет көріп отырмын. Мақпал апай, сізге қандай киім кисеңіз де жарасады” дейді. Мұнымен қатар, “Бұдан былай қысқа кимеңізші” деп өтініш жасағандар да бар. Жұрт не десе де, әнші ешкімнің пікіріне назар аудармаған сыңайлы. Әзірге тыңдармандарын жауапсыз қалдырған.
Оқи отырыңыз:
Мақпал Жүнісова өзін бопсалағандарға ақша да, көлік те бермейтінін айтты
Мақпал Жүнісова ғаламторда тараған атышулы видеоларға қатысты түсінік берді
Әнші Бүркіт Мақпал Жүнісованың ұлына берген көрімдігінің көлемін айтып мақтанды
Мақпал Жүнісова: Бүгінге дейін ақша жинап көрмеппін, банктегі жеке есепшотымда көк тиын да жоқ