Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандар: Төреғалидің жары бояусыз өте сұлу екен

Қазақ эстрадасындағы хитмен атаулылар қазан айында жеке өмірлерінің құпиясын ашты. Қайрат Нұртас 10 жыл бойы жасырған келіншегін фильмге түсірсе, Төреғали үш жыл бұрын ұзатып алған өз келіншегіне үйленді. Іле-шала үйленгенін жасыруға тырысқан Ернар Айдар да айдай сұлу жарын көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Бұл күндері хитмендердің жұрттан жасырар құпиясы жоқ. Қайда барса да жүздері ашық. Бұдан былай Қайрат та, Төреғали де, Ернар да жұбайымен қол ұстасып жүруге қымсынбайды.

Жуырда үйлену тойын жасаған Төреғали Төреәлі күні кеше сүйікті жары Толқынмен түскен кезекті суретін жариялады. Бұл ретте әншінің жұбайын көріп, көзайым болған жұрт жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Аталған суретке 100 мыңға жуық адам “лайк” басып, 1200-ге тарта оқырман пікір қалдырған. Оқырмандардың басым дені Толқынның сұлулығы жайында сөз еткен.

Көпшіліктің пікірінше, Төреғали мен Толқын бір-біріне ұқсайды. Бұдан өзге, желі оқырмандары Толқынның бояусыз, табиғи қалпында көрікті екенін атап өткен.

Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек: Былтыр отбасым да, жеке өмірім де ойран болды

“Қалаулым” қатысушылары таныла алмай жүрген өнер адамдары: шоу бағдарламаның құпиясы ашылды

Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

Қайрат Нұртас: Балаларымды көру үшін тағы 10 жыл күтесіңдер

Талқылау