Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұман мен қар аралас жауын болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет еліміз бойынша 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері тұман мен қар аралас жауын болады деп болжанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Алдағы күндері, атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында, 26 қыркүйекте оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында қар аралас жауын болады. 

Түнде ауа температурасы 2-7 аязға дейін төмендемек. Қалған аймақтарда солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман болжанып отыр. 



Ауа температурасы күндіз:

  • елдің батысында +18+26°С-қа дейін,
  • солтүстігінде, шығысында +5+10°С-қа дейін,
  • орталығында +7+15°С-қа дейін,
  • оңтүстігінде +12+20°С-қа дейін,
  • таулы аймақтарында +2+10°С-қа дейін төмендейді.
Талқылау