"Түйілген шаш, тебен ине, қызыл бұрыш": Абай Бегейдің қызы өзіне дуа жасағандарды тапты
Фото: https://www.instagram.com/niyazkulova_erke/
Белгілі әнші Абай Бегейдің қызы, блогер Гүлеркем Ниязқұлова өзіне біреулердің дуа жасағанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Көптен бері үнсіз ішімде сақтап жүр едім. Соңғы кезде көреалмаушылықтың сорақысын көріп жатырмын.
Қазір камераны қарап, түріңді шығарып қоямын. Қорықпай қалай жасадың? Несібе Алладан! Құдайдың қазынасы көп, саған да, маған да жетеді, уайымдамай ниетіңді түзе. Саған тиесілі ризық маған кетіп қалмайды, дәл солай маған тиесілі несібе мың дуалап, ақшаңды құртсаң да, ешқашан саған бұйырмайды! Алла әділ",– деп жазды ол.
Оның айтуынша, әлдекімдер мейрамхананың ішінде оқылған қағаздар тапқан.
Арада азғантай күн өтіп, үйіскен қалың шаш тапқан, оның ішінен қағазға жазылған жазу мен тебен ине шыққан.
-
"Көпбалалы анаға 15 миллион теңге аударған": Абай Бегейдің қызы заңсыз ұтыс ойындарын тоқтатпай жүр
-
"Ескі үйде тұра алмайды": Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы пәтер сатып алды
Еске салайық, өнер иесінің қызы заңсыз лотерея ойнатып, 162 миллион теңге тапқанын жазған едік.
“Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңге болатын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған”, – делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды. Қазір күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
