Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұтқында 5 айдай отырған Лилия Рах түрмеден босатылды

Лилия Рах тұтқында жалпы алғанда бес айдай отырды. Апелляциялық сот оны 26 қаңтарда босатты, істің қалған фигуранттары колонияда қалады.

1460710

Фото: Сергей Ким

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Сергей Ким. Апелляциялық сот алқасының судьясы Бақытжан Қараманов бейсенбі, 26 қаңтарда Хамро Сувановты ұрлау туралы істі қарау қорытындылары бойынша танымал байер Лилия Рахқа қатысты шешімді жариялады.  Көпшілік өшін ол күтпеген жағдай болды.

“Алматы аудандық сотының Лилия Робертовна Рах, Мири Паз, Бақыт Шалбаев пен Руслан Мысыровқа қатысты үкімі өзгертілсін. Лилия Робертовна Рахқа ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабының ережесі қолданылып, оның медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Сотталушы Лилия Робертовна Рахқа қатысты қабылданған  бұлтарпау шарасы жойылып, тез арада босатылсын”, — деп оқыды шешімді судья Қараманов. Бұдан бөлек, Лилия Робертовна Рах, Мири Паз, Бақыт Шалбаев пен Руслан Мысыровтың мүлкін тәркілеуді жойды. Қалған бөлімінде үкім өзгеріссіз қалдырылды. Рахты сотталғандар кабинасынан шығарды. “Менің сіздерге алғысым шексіз”, — деді Лилия Рах. “Не сезінемін? Алғыс, Осы өткен күндер бойы әділдікке сеніммен өмір сүрдім. Құдайға деген сеніммен, достарыма деген сеніммен”, — деді Рах достары мен туыстарының арасында.

Еске сала кетейік, Лилия Рах 2016 жылғы 10 қарашада ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлгі 1,8-тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пайдакүнемдік ниетпен адам ұрлау) қарастырылған қылмыс жасауда айыпты деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сондай-ақ, іс бойынша өткен зергерлік үйінің иесі Мири Паз 7,5 жылға сотталды. Жұмыссыздар Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаев  8 жылға жеке мүлкі тәркілене отырып сотталды. Сотталғандарға жазаларын жалпы тәртіптегі колонияда өтеу белгіленді.  Тергеудің болжамы бойынша, 2016 жылдың 9 шілдесінде 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз түскен. Полиция айыпталушылардың Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қамауда ұстағынын анықтады. Оны Алматы әуежайы аумағынан ұрлап кеткен. Кейіннен ұрлан кісі Рахтың бизнес серіктесі Хамро Суванов деген хабар таратылды.  Рахтан бөтен бұл іс бойынша сот алдында жауап беріп жатқан зергерлік үйінің иесі Мири Паз, Ислам Месиров және Бахыт Шалбаев.Олардың барлығы қамауға алынған. Алдын ала тыңдаудың алғашқы күні Рах пен Паздың адвокаттары қорғалудағыларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, сонымен қатар бұлтарпай шарасын кепілақыға босатуды немесе үй қамағына ауыстыруда сұраған. Адвокаттардың айтуынша, Рахқа Қазақстанға белгілі бірқатар қайраткерлер кепілдік берген.

Жіберіп алмаңыз:

Сот баласын асырап алушы ата-анадан қайтып алмақ болған әйелге қатысты шешім шығарды

Діни басқарма құрсақ ана болудың шариғи үкімін айтты

Маңғыстауда үшемнің өмірге келуі дәрігерлер үшін күтпеген жағдай болды

Талқылау