Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түсімде аян берді": Баян Мақсатқызы төртінші қызына қойған Алма есімінің құпиясын ашты

Төртінші рет ана атанған продюсер Баян Мақсатқызы не себепті кенже қызына Алма есімін қойғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Продюсердің сөзінше, Дәмелі деген есім ұнап, кенже қызына қоюға ниеттенген. 

"Бесінші айға жақындағанда есім іздей бастадым. Алисаның атын қоятын кезде көп ойланбадық. Оның тарихы білгілі. Дәмелі немесе Дамеля өте керемет есім екен. Дәмелі деген есімге тоқтадым. Маған қатты ұнады. Жолдасым да қарсы болмады. Бірақ іштей бір нәрсе жібермей, өзіме сенімсіз болып тұрдым. Шынымен де әдемі ат. Бірақ іштей нақтыланбады. Соны сезген Тұрсен "Қоя тұрайық, бұл қыздың есімі өзі уақытымен келер" деді. Ақыры әкесінің айтқаны дөп түсті”, – деді Алагөзова. 



Одан кейін продюсер түс көріп, төртінші қызының есіміне қатысты аян бергенін айтты. 

“Сосын Алманың дүниеге келуіне үш ай қалғанда мен бір түс көремін. Түсімде маған нақты бір сөйлем айтылады. "Екінші қызыңа Алма есімін бер" деп аян берді. "Сендер оны “Алмуша” деп атасаңдар, батыста ол “Альма болады" деп айтты. Бір түсімде осындай бір сөйлем болды. Оянып, бірден жолдасыма қызымызға Алма есімін беретінімізді айттым. Филиппиндік бала күтушіміз расымен “Алма” деп айта алмайды. Ол “Альма” деп атайды", – деді продюсер.

Еске салайық, Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша теңге жұмсағанын айтқан еді. 

Талқылау