Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынғали Алагөзов: Сенбеңіздер! Мен әйеліммен ажырасамын

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісі өзінің ажыраспайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол инстаграм әлеуметтік желісіндегі оқырмандарын бұл жаңалыққа сенбеуге шақырды.

16906142_181001065724014_4388851372670320640_n

Фото: Buro24/7.kz, іnstagram.com/bayanmaxatkyzy/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, ақпанның 1-і күні Ляйсира Алагөзова сотқа ажырасу туралы арыз жазған. Артынша 7 ақпанда азаматтық істің материалдарын сотқа дайындау туралы шешім қабылданған. Осыдан кейін екі тарап 14 ақпан күні сотқа шақыртылып, 1 наурыз күні болған сотта Тұрсынғали Алагөзов мырза екі тарапты татуластыруға бағытталған өтініш түсірген-ді мыс.

Алайда Тұрсынғали мырзаның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Ол бірнеше минут бұрын өзінің инстаграм парақшасында осы мәселеге қатысты жазбасын жариялады. «Сәлеметсіздерме, менің құрметті оқырмандарым! Бұл жалған ақпарат. Мен ажырасамын», – дейді ол.

Әзірге қалалық соттың не себепті мұндай ақпарат таратқаны белгісіз. Осы уақытқа дейін продюсердің сүйіктісі бұрынғы әйелімен мүлкін бөліске салуда қиналып жатқанын айтқан-ды. Ол тіпті алдағы уақытққа осы қателікті жібермеу үшін Баян Есентаевамен алдын ала неке шартын жасаспақ.

асв

Бұған дейін Баян Есентаева мен оның сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзов алғаш рет бірігіп сұхбат беріп, тойдың қашан болатынын айтты. Кәсіпкер Есентаевамен танысқан кезде әйелімен некеде болғанын, ал қазір ажырасу үстінде екенін мәлім еткен еді.

Баян Мақсатқызы екеуінің екі отбасынан бөлініп қосылатынын, жаңа өмірінің  қиындықтан басталатынын, оған әбден дайындалып отырғанын ашық айтты. Ол отбасындағы жанжал яғни күйеуінің пышақтауына өзінің өтірік айта алмайтындығы себеп болды деп отыр.

Сондай-ақ, Тұрсынғали Алагөзов Баянға ұсыныс жасамас бұрын бар мүлкін туыстарының атына аударғанын хабарлаған едік. Яғни, желідегі парақшасына Баянмен түскен суретін салып: «Ол менің өмірімді өзгертті» деп жазғанға дейін небәрі бір апта бұрын Тұрсынғали Алагөзов бар мүлкін туыстарының атына аударған.

Есте болса, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов Баян Есентаеваға үйленген кезде неке келісім-шартына отыратынын хабарлаған еді. Есентаева мен Алагөзов дәл қазір Мальдив аралдарында демалып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Әкесін туған күнімен құттықтаған Мейрамбек Бесбаев көптің жүрегін елжіретті (фото)

Мейрамбек Бесбаевтың жаңа образы тыңдармандарына ұнамай қалды (фото)

Көңілдесті сомдаған актриса: Жұрт мені көшеде ұстап алып ұрсады

Тұрсынғали Алагөзов әйелімен қайта татуласпақшы

Талқылау