Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік Қабатовты үнемі қазақтарды әжуалайтын әзілі үшін сөкті

«Корреспондент»  басылымында жарық көрген мақала дәл осы тақырыпты көтеріпті. Автор, белгілі әзілкеш «Әзіл әлемі» театрының басшысы, шоумен Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылығы тек қазақтарды тұқыртудан тұрады дейді.

maxresdefault (1)

Автор осылайша оның шығармашылығына қатысты біраз сын білдірген: Үнемі әзілдерінде қазақтарды келеке етіп, оның тек жаман жақтарын ғана жіпке тізіп күлкі ете береді, ал жақсы жағын ешқашан айтқан емес деген сыңайда басталады.

«Ол өзінің бір қойылымында: «Мал түгілі адамның атын дұрыс айтпаймыз»,-деп бірқатар қазақтардың кемшілігін тізе келіп, «Жақсы нәрсе ойласақ жақсы нәрсе береді. Бір балаға сен ақылды баласың десе, ана бала ұялғанынан ақылды болып кетеді екен. Ал біз тупой дейміз. Сосын ол жүреді мен тупоймын, дым білмеймін деп», – дейді. Сөйтіп сөз соңын: «Жақсы нәрселер байқап жүрсек, жақсы нәрселер болады, ағайын», – деп аяқтайды. Бірақ осы кісінің неге қазақтардан жақсы нәрсені байқай қоймайтыны бізді де ойландырады. «Жамандасаң әкеңді, саған әкеп, Жақсы әкесін бере ме басқа бала» дегендей өз елімізді, өз ұлтымызды қаралай берсек көрген басқа не дейді, басқа жұрт не істемейді?!», – деп автор ашына жазған.

Автор, бұл тек өзінің ғана пікірі емес, осындай әңгімені көп адамның ауызынан естігенін де алға тартқан. Сосын мысалға, ресейлік Михаил Задорновты келтіреді.

«Ол «Когда смешно, тогда не страшно»,-деп біраз елінің кемшілігін жіпке тізгенімен, көбіне Ресейді басқа мемлекеттермен салыстыра келіп, артықшылығын айта кетуді әсте естен шығармайды», – дейді.

«Керек адам деген жағдайы бар адам. Ол адам келе жатса анадай жерден күтіп тұрасың. Ол адам көрмей тұрса алдынан шығасың». Бұл Тұрсынбектің кезекті концертінде айтқан әзілінен үзінді. Алайда автор бұған да шүйлігеді.

«Бұл әзілдерде өмірдің шындығы ашық айтылғанымен, осындайда қазекемнің «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегені ойға оралады. Осыны қазақтар деп жалпылай айтуымыз қаншалықты орынды?», – деп көпшілікке сауал тастайды.

Талқылау