Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Астанадан өнер мектебін ашты (видео)
Танымал актер, әзілқой, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова елордадан өнер-білім орталығын ашты.
Орталықтың ашылуын күтіп жүргендер саны көп болған сыңайлы. Себебі бүгін ғана ресми түрде ашылған өнер-білім ошағының Instagram желісіндегі парақшасында 10 мыңға жуық оқырманы бар.
Белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов жұбайы Қарақатпен бірге жаңа әріптестерін (жұлдызды жұп «Қарақат мектеп студиясын» ашқан) құттықтап, өнер ордасының тұсауын кесті. Болманов қазақы этникалық білім ошақтары көбейген сайын, ертеңгі күнге деген үміттің де арта түсетінін айтты.
Орталық болашақ әнші, биші, актер, дизайнер, суретшілерді даярлап қана қоймай, мектеп оқушыларына әртүрлі пәндерден қосымша білім беріп, одан бөлек, ата-аналарға арналған курстар жүргізеді.
Жіберіп алмаңыз:
Ұлықпан Жолдасов өзін рушыл санайтын тыңдармандарына жауап берді
Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Ялтада өткен кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды
Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде
Ұстазы Мейрамбектің жастай «қайын ата» атануының себебін түсіндірді