Тұрсынбек Қабатов арманына қол жеткізіп, зәулім үй салып жатыр (фото)
Қабатовтың келіншегі көптен бергі жоспарларын жүзеге асырып, демалыссыз еңбектеніп жатқандарын айтты.
Фото: instagram.com/moldir.mt/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Тұрсынбек Қабатовтың өзі әлеуметтік желіге араласпаса да, келіншегі отбасылық жаңалықтарын жиі бөлісіп отырады. Бұл жолы Мөлдір көптен бергі армандарын жүзеге асырып, зәулім үй салып жатқандарын айтты.
Мөлдір ханым үш жылдан бері үйде отырып, бала тәрбиесімен айналысуда. Десе де, арасында жолдасы болмағанда жаңа үйлерінің құрылыс жұмыстарын бақылайды екен.
“Еңбектің наны тəтті деп, биыл жазғы демалысты ұмытып, тынбастан тіршілік етіп жатырмыз. Жоспарды іске асырып, мақсатқа жету жолында қолымызға күрек ұстап, қыш қалап жатқан да жайымыз бар десем артық болады. Негізі анау жігіттер ғой жасап жатқан. Отағасы болмай қалса, басыма каска киіп, құрылыс басына өзім де шығып кетіп жүрмін.
Еңбек еткенді Алла несібесіз қалдырмайды. Маңдай термен тапқан табыстарыңыз берекелі болсын!” – дейді Мөлдір ханым. Мұнымен қатар, құрылыс базарында істейтін сатушылардан өзіне хабарласуын сұрады.
Желі қолданушылары өз кезегінде Тұрсынбек пен Мөлдірдің қуанышын бөлісуге асықты. “Үйлерің құтты болсын!”, “Қоныс тойға шақыруға ұмытпаңыздар”, “Қолыңа қуат беріп, әр ісің оңынан болсын”, “Мөлдір іске сәт! Кәсіптерің берекелі болсын!” дейді олар. Арасында мұны балабақша немесе мейрамхана деп болжағандар да болды.
Жіберіп алмаңыз:
Қабатовтың келіншегі күй тартып жұртты тамсандырды (видео)
Мөлдір Қабатова: Тұрсынбек тереземнің алдында үнді әндерін айтып, би билейтін
Көпшілік Қабатовты үнемі қазақтарды әжуалайтын әзілі үшін сөкті
Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)
Мөлдір Қабатова: Тұрсынбек тереземнің алдында үнді әндерін айтып, би билейтін