Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов Алматыға жалғыз кеткен келіншегімен ренжісіп қалды

Мөлдір Мұқанова отандық бағдарламалардың бірінде күйеуімен соңғы рет не үшін ренжіскендерін айтып берді. Алайда бұл оңайға соқпады. Мөлдір ханымның айтуынша, олар көп ренжісе бермейді. Соңғы рет Тұрсынбек мырза оның Алматыға жалғыз баруына қарсы болған екен.

15876032_246954442409008_6155653016750915584_n

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

– Тұрсынбекпен соңғы рет не себепке байланысты ұрыстыңдар?

– Мінсіз адам болып көрінбей-ақ қояйыншы. Бірақ есіме түсіргім келіп отыр. Күні кеше ол мені Алматыға жібергісі келмеді. “Осы түсірілімге бармайсың” деді. Себебі, ондайға үйренбеген. Мені әрдайым үйдемін, оны қарсы алып, шығарып салып, балаларымды балабақша мен мектепке тасып отырған келіншек ретінде қабылдап үйреніп қалған. Бірақ менің қосымша жаңа жұмыстар ашып, қызмет жасап жатқаным да ұнайды. Басқа қалаға барғанымды қатты жақтырмайтын жан. Мінеки, сөздің ашығы керек, бүгіндікке хабарласқан жоқ. Өйткені ол маған ашулы.

– Сен Тұрсынбекті бері қарататын жолдарды білетін шығарсың?

– Иә, сол бері қаратқандай болған едім. Осы уақытқа дейін келісімін берген. Кеше ғана” Ертең жол жүрейін деп дайындалып жатырмын” деп едім телефонды қоя салды. Содан кейін сөйлескен жоқпын.

– Демек сен осы жерге Тұрсынбектің рұқсатынсыз келіп отырсың?

– Артынша “Рұқсат етіп едің ғой. Барайыншы” деп жаздым. Сосын “жақсы” деген бір жазу келді. Сол себепті келдім. Бірақ негізі ұнатпады.

– Тұрсынбек әзілдің адамы ғой. Сені кекетіп, күлкіге айналдырған кездері болды ма?

– Иә, болды. Өзі достарымен бірге отырып, біреуі қыз болып хабарласты. Әлгі қыз “Мен Тұрсынбектің әйелі бар екенін білмеппін” деген секілді айты. Содан біраз сөйлестік екеуіміз. Артынша Тұрсынбек тұтқаны тез алып, “Шолли, мен ғой Тұрсынбек” деді. Мен телефонды қоя салып қатты ашуланған кезім болды. Одан кейін қатты ашуландырған кезі болған жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева: Жұрттың бәрі бақытты, сіз неге мұңаясыз?

Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

“KeshYou” тобы әнші Ақботаның орнын басқан қызды көрсетті (фото)

«Музарт» тобы жанкүйерлерінен көмек сұрады

Талқылау