Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбаева: Сара Тоқтамысова туған күнімді жасап беремін деп соңында қашып кетті

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева 39 жасқа толған күнін атап өтті. Бұл туралы ақынның өзі Инстаграм парақшасында жазды. Таң қаларлығы “Жұрт қонақты жақсы күтеді” деп мақтайтын ақын қыз төл мерекесін осы күнге дейін мүлде атап өтпепті. Осы жолы да солай жасамақшы болып отырған жерінен ақын Сара Тоқтамысова  Тұрсынбаеваның жоспарын жүзеге асырмай тастапты. Сондай-ақ, соңында туған күн болып жатқан жерден “қашып” кетіпті.

туған-күн

Туған күнді атап өткен сәттегі қызықтарын ақынның өзі төмендегідей жазған.

39 жыл ғұмырымда жер жаһанды шулатып той жасап көрмеппін… Дұрыс емес те шығар, бірақ тойлатқанды суқаным сүймейді… Не өзімнің, не бала-шағамның қуанышына дүрілдетіп дастархан да жасамаппын… Бірақ, “бір тойым болатыны сөзсіз менің, дәл қай күні екенін айта алмаймын….! Кеше де сол жылдағыдай туған күн ғой, несін жасаймын деп отырғанмын… Содан @sarkanai сіңілім хабарласты… “Қай жерде болады, нестейміз” деп ентігіп тұр екен, “жасамаймын” дедім бірден… Содан Сара шықты жұлқынып…”Сіз жасамасаңыз, мен жасаймын! Барлық достарыңызды @baksarai_restoran -га алып келіңіз” деп қатаң тапсырма берді… Біреудің малын аяймын ба, барлық қыздарға звондап “бүкіл балдарыңды алып келіңдер” деп кірісіп кеттім… Сонымен туған күн басталды.. Үлкендер 15, балалар 35 болды… Зауре деген подружкам 6 баласын бірақ алып келіпті… Қалғандары да жетісіп тұрған жоқ, кем дегенде 3-4 бала… Сонымен туған күнінң талқаны шықты… Бақсарайдың бүкіл клиенттері қашып шықты… Айқайлаған мамалары, шулаған балалары, сынған ыдыс, әбіржіген официанттар…. Сара мұндай масқараға тап боламын деп ойламаған ғой, “емізулі балам бар еді” деп қайтып кетті… Елшібаева Айгүлді әжептеуір тамада қылғанбыз, балдарға айқайлаймын деп тамағы өшіп қалды… Алтынай ән айтпақшы болған, балдар оның “еңбек сіңірген қайраткер” қайдан білсін… Общым бас аяғы 3 сағаттың ішінде Бақсарайдан өзіміз де қашып шықтық… Сонымен туған күн бітті…. Бәрінен де @desertel_ds -тiн керемет торттарын айтсаңызшы… Кім не жегенін ұқпай калдык…. 😓😀 Бәрі қалжың ғой, негізі өте қызық кеш болды… Тағы бір жылды артқа қалдырдым… Бүкіл инстада жазылған тілектерді оқып шықтым… Аллаға шүкір..! Маған тілеген тілектер өздеріңізге еселеп қайтсын.! Мынау кешегі кештен естелік сурет… Бұл да оңайға түскен жоқ, “кім тыныш тұрады соған 1000 теңге беремін” деген келісім шартпен тұр бәрі… Айнұр тәтені құттықтаңдар десе, Ислам деген балапан “я люблю тебя Астана” деп қояды… Сонымен ерекше туган кун бiттi…Не деймiз ендi.. Барлыктарыныздын уйлерiнiзде осындай той болсын…! ❤️

Фото опубликовано Айнур Турсынбаева (@aidyn_nury)

Айнұр әпкемнің туған күнінен бір кадр….01.05.16. @baksarai_restoran мейрамxанасында!!!!!!

Фото опубликовано Сара Тоқтамысова (@sarkanai)

Талқылау