Тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова тегін өзгертті
Жуырда тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова күйеуінің тегін алды. Енді ол сахнаға Дәулетова тегімен шықпақ.
Сурет: yvision.kz
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.
Жеке өмірі, отбасы туралы сұрақтарға бір кездері көзінің жасын тия алмай жауап беретін Ақбота қыз бүгінде өз бақытын дәл тапқандай. Халықтың сүйікті әншісі өз өмірінің жаңа парақшасын көтеріңкі көңіл-күймен ашқанына ерекше қуанышты. “Енді барлығы басқаша. Әнім де, сәнім де өзгереді” дейді ол. Бұл әдемі өзгерісті өзін ерекше таныстаратын өзгерістен бастамақ. Жаңа тұрмысқа шыққан әнші эстрада әлемінде тағы да бір жаңа жұлдыздың есімін жақпақ.
“Құдай қаласа, Ақбота Дәулетова болады. Тіпті, болып үлгерді десек те болады. Елдің алдында, әке-шешеміздің алдында осы текті қабылдады”, – дейді Рауан Дәулетов.
Жіберіп алмаңыз:
Ақбота Керімбекова экс күйеулерін ұлдарымен өзі мәжбүрлеп араластыратынын айтты
Алуа Қонарова өзін итке теңеп жұртты күлдірді (фото)
Дастан Оразбековтың келіншегі көптен күткен екінші сәбиін босануға дайындалып жүр
Арбаға таңылған тыңдарманымен кездескен Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)