Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеден қашып кеткен ер адам 17 жыл бойы үңгірде жасырынып келген

Қытайда түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші 17 жыл бойы үңгірде жасырынып келген. Ол адам саудасы үшін сотталған екен.

Түрмеден қашып кеткен ер адам 17 жыл бойы үңгірде жасырынып келген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

17 жылдан кейін табылған қашқын - Сун Цзян есімді бұрынғы полицей. Ол әйелдер мен балалар саудасы үшін бас бостандығынан айырылған. Алайда 2002 жылы түрмеден қашып кетіпті. Ер адам осы уақыт бойы туған қаласына жақын маңдағы таудағы үңгірде өмір сүрген.

Қашқынның қайда жүргенін ұшқышсыз басқарылатын құрылғының көмегімен анықтау мүмкін болды. Полицейлер әуеден түсірілген суреттерден үңгірдің үстіндегі көк түсті болат шатырды байқапты. Сонымен қатар сол маңда қоқыс жатқаны көрінген. 

Полицейлер ер адамды үңгірде жасырынып жатқан жерінен ұстады. Полиция мәліметінше, Сун Цзян ұзақ уақыт жалғыз өмір сүргендіктен, орган қызметкерлерімен әрең тілдескен. 

Нәтижесінде ер адам қайтадан түрмеге тоғытылды.

Талқылау