Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиялық компания Шымкентте 650 млн долларға жылыжай кешенін салмақ

Шымкентте құны 650 млн доллар болатын ірі жылыжай кешені салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ақпаратқа сәйкес, 27 қаңтар күні Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Аларко" холдингі, Шымкент қаласының әкімдігі және қазақстандық Alsera KZ компаниясы (Аларко Холдингке тиесілі) арасында жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

"Жылыжай кешені жылына 155 мың тонна қызанақ өсіреді. Жоба 2028 жылға дейін екі кезеңде жүзеге асырылады. 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар түрік инвесторының әлеуметтік міндеттемелері болады. Серіктестік қаланы көгалдандыру, балалар алаңдары мен бау-бақшалар салуды көздеп отыр. Келісім жобаны 25 жылға әзірлеуді қарастырады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Alarko Holding – Түркиядағы ең ірі бизнес конгломераттарының бірі. Компания құрылыс, электр энергиясын өндіру және тарату, туризм және жылжымайтын мүлік сияқты әртүрлі салаларда жұмыс істейді.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда түркиялық "Байрактар" дрондары шығарылатыны туралы жазғанбыз.

Талқылау