Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияға көлікпен барып қайту: Шығын, маршрут және автосаяхаттан алған тамаша әсер

Саяхат өмірді ұзартады дейді. Ол расында жағымды әсер қалдырады. Адам жаңа достар тауып, жарқын естеліктермен қайтады. Әсіресе автомобильмен саяхаттау жаңа әдемі жерлерді көбірек аралауға, еркін әрі мобильді болуға ықпал етеді дейді автоблогер Марк Диксон. Ол жақында ғана Қазақстаннан Түркияға Chevrolet Onix көлігімен барып қайтты. Мұндай автосаяхаттың егжей-тегжейі мен шығыны туралы әрі қарай материалымызда айтамыз.

Фотода Марк Диксон

Марк Диксон бұған дейін Оңтүстік Корея, БАӘ, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Қытай, Ресей сияқты елдерге барған. Оның мақсаты – жыл соңына дейін мүмкіндігінше көп елді аралау.

Сапарда жайлылық маңызды

Автоблогердің айтуынша, маршрут күрделі болған сайын саяхат қыза түседі. Егер сапар мамандығыңмен немесе жұмыстағы іссапарлармен сәйкес келіп, қуанышқа бөлесе, өмірде жолың болды деп есептеуге болады.

Танымал автоблогер Алматыдан Ыстамбұлға дейінгі жолда Қазақстан шекарасы, Ресейдің федералды трассалары, Грузияның таулы жолдары, Қара теңіз жағалауы арқылы өткен. Ол сөзбен жеткізгісіз сұлу жерлерге аялдап, блогы үшін өзгеше контент түсіріп қайтқан. Блогер автосапарынан қызықтар бөлісіп, жолда кездескен көргені көп адамдармен әңгімелескен.

Неліктен блогер Chevrolet Onix көлігін таңдады?

"Түркияға дейінгі жол – 5,5 мың шақырым. Арасында әртүрлі ландшафтар мен түрлі беткейлі қиын жолдар бар. Мен өзіме қолайлы жағдай жасағым келді. Сондықтан сенімді деп әрі мені ешжерде қалдырмайтынын біліп, Onix-ті таңдадым. Ол мініске ыңғайлы, энергия сыйымдылығы бар. Оны жүргізу оңай және үнемді. Ал бұл ұзақ сапарда өте маңызды", – деп түсіндірді таңдауын Марк Диксон.

"Автокөлікті жобалағанда әзірлеушілер мен инженерлердің алдында қиын міндет тұрды. Көлікті Якутияның солтүстігінде, Оңтүстік Американың Анд тауларында, Индонезияның ылғалды джунглилерінде және Моңғолияның құрғақ климатында да жүргізе алу және жолды жеңілдету міндеті еді. Chevrolet Onix-ті жасау кезінде әзірлеушілер Жердің барлық климат ерекшеліктерін ескеріп, жүргізуші мен жолаушыларға табиғи жағдайларға қарамастан ыңғайлы болатын көлікті жасады. Қозғалтқыштың беріктігі мен әмбебаптығы сонша, автомобиль кез келген бензинмен, кез келген елде, кез келген жолда тамаша жүре алады", – деді Марк Диксон.

"Автомобильмен саяхаттау әрекет етуге, ойлануға, уақыт пен жоспарлауға еркіндік береді. Мұндай сапар халыққа қолжетімді болуы керек. Мысалы, қазір Chevrolet Onix-тің құны 5 990 000 теңгеден басталады. Қазақстанның кез келген қаласындағы Chevrolet ресми дилерінің салонынан жаңа көлік сатып алып, армандаған саяхатыңызға бірден шығып кете аласыз", – дейді Марк Диксон.

Блогердің айтуынша, сапар бойы Chevrolet Onix көлігін жүргізу оңай әрі қызық болған.

"Грузияның таулы бұралаң жолдарымен және Ресейдің Дағыстандағы, Қалмақиядағы, Шешенстандағы, Осетиядағы және Астрахань облысындағы федералды және аймақтық тас жолдарымен жүрдім. Барлық жол жүргізушіге де, жолаушыға да ыңғайлы болды. Түркияның ландшафтты құлама жолдарымен жүрдік, көлік оңай аударылып кететін сәттер болды. Соған қарамастан бәрі тамаша аяқталып, көлік барлық сынақтан абыроймен өтті", – деді Марк Диксон.

Автосаяхат дегеніміз – еркіндік және өміріңді ұзартатын эмоциялар

"Өзімді ештеңеден шектемеймін" режиміндегі 12 күндік саяхатқа блогер бір миллион он сегіз мың теңге жұмсады. Бұл сомаға сақтандыру, жататын жер, жанармай, тамақ және ойын-сауық кіреді.

"Қажет заттарды ғана алып, қонақүйге түнесеңіз, екі адамға күніне 60 000 теңге жетеді. Сапарға көлікпен шығу адамды еркін және мобильді етеді. Көлікпен жүргенде көрінісі керемет жерлерге аялдап, түрлі қалалар мен көрікті жерлерге баруға және өзіңізге ұнайтын жерде қалағаныңша тұруға болады. Өйткені біз неғұрлым көп ел көрсек, соғұрлым көп тілді түсінеміз, соғұрлым көп мәдениетті үйренеміз, соғұрлым кемелденеміз", – деп толықтырды Марк Диксон.

Марк Диксон Chevrolet Onix-пен демалысы жайлы, қызық, түрлі оқиғаға толы ғана емес, сонымен қатар жаңа таныстыққа, достыққа, жағымды эмоцияларға толы болғанын айтты.

"Өзіңізді, көліктерді, адамдар және олармен қарым-қатынасты сынап көруден қорықпаңыз. Өйткені отбасымен, достармен, жақындармен – кез келген қарым-қатынас ұзақ қашыққа жолға шыққанда сыналады. Есіңізде болсын, ақша келеді, кетеді, ал эмоциялар қалады", – деп кеңес етті Марк Диксон.

Ал қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Chevrolet осы сапар арқылы өзінің Chevrolet Onix моделімен әртүрлі елдердің шекарасын кесіп өтіп, жолда сенімді және адал серік болатынын дәлелдеді.

Айтпақшы, қазір Chevrolet Onix-тің құны 5 990 000 теңгеден басталатынын айта кеткен жөн. Бүгінде бірнеше комплектация қолжетімді. Оның ішінен әркім өзіне ең жақсы нұсқаны таңдай алады. Жаңа Chevrolet Onix көлігімен саяхаттау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Толық ақпаратты chevrolet-auto.kz сайтынан немесе 7810 телефоны арқылы білуге болады.

Талқылау