Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 45 мыңнан асты
Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 089 адамға жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмараш провинциясының Пазарджик ауданында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Мамандар аймақта жерасты дүмпулері тағы жарты жыл бойы жалғасады деп отыр. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді ашу жұмыстарына 88 елден 11 мың құтқарушы қатысты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қазақстандық құтқарушылар да көмектесті.