Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы әуежайларда паспорттық бақылау бұзылып, рейстер тоқтады

Түркия бойынша паспорттық бақылаудың бұзылуы салдарынан Ыстамбұлдағы Сабиха Гөкчен әуежайындағы рейстер тоқтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Haberler басылымына хабарлайды. 

Фото: Haberler

Ақау салдарынан жолаушыларды төлқұжаттық бақылаудан өткізу мүмкін болмады. Соның салдарынан әуежайда тәртіпсіздік болды. Жүздеген жолаушы сағаттап ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болды. Кейбірі шыдай алмай, есінен танып қалды.

Кейін жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында дау шықты. Шыдамы таусылған адамдар әуежайдағы ұшқыштарға шабуыл жасады.

Әуежай мәліметінше, ақау полиция департаментінің жүйесінен туындады. 



"Полиция департаменті ұсынатын қызметтерге IT-қолдау көрсететін Полицияның ақпараттық жүйесінде (POLNET) ақау пайда болып, Түркияның бүкіл аумағында паспорттық бақылау процесі сағат 18.20-да уақытша тоқтатылды. Полиция мен терминалдық IT топтары мәселені шешу үшін қажет шараларды қабылдады. Дегенмен транзакциялар қолмен жүргізілді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Анталиядан Астанаға бағыт алған Pegasus Airlines рейсінде саяси көзқарастар салдарынан украина мен Қазақстан азаматтары арасында жанжал шыққаны туралы жазған едік. Салдарынан ұшақ Эрзурумға шұғыл қонуға мәжбүр болған.

Талқылау