Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда алтын кенішінде көшкін болып, жұмысшылар топырақ астында қалды

Түркияның Эрзинджан қаласындағы алтын кенішінде топырақ көшкіні жүрді. Болжам бойынша тоғыз адам үйінде астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Anadolu-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Anadolu
Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая кеніш аумағына шахтадан өндіріліп жатқан тау жынысының көшкіні жүргенін айтты. 

“Өкінішке қарай, көшкіннен тоғыз қызметкер зардап шекті деген болжам бар”, – деп хабарлады ол. 

Оқиға орнына 400 құтқарушы жіберілген. 

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша жалпы шахтада ауысыммен 667 адам жұмыс істейді. Әділет министрі Йылмаз Тунч тергеу басталғанын хабарлады. 

8 ақпан күні Алматыдағы Медеу ауданы Тау-Самал шағынауданында лай көшкіні жүріп, екі үйге зақым келгені туралы жазған едік. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті селден кейін үйінді астынан төрт адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді. Марқұмдардың бір отбасы мүшелері екені анықталды. 

Талқылау