Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия чемпионатында ойнайтын футболшы Қазақстан құрамасында өнер көрсеткісі келеді

Футболдан Түркия чемпионатында ойнайтын қақпашы Тимурхан Картал Қазақстан жастар құрамасына қосылуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/timurhankartal

Дереккөздің айтуынша, футболшы бұл жаңалықты сұхбат барысында өзі жеткізген. Түркиялық “Чорум” футбол клубында өнер көрсететін қақпашы әкесі түрік, анасы қазақстандық екенін айтқан.

"Мен 2008 жылы Астанада дүниеге келдім. Әкем – Түркия азаматы, ал анам қазақстандық. Біз Анталияға көшкенге дейін мен алты жасқа дейін сонда тұрдым. Бірақ әжем әлі күнге дейін Қазақстанда тұрады, тіпті алғашқы ұстазым да әлі есімде сақтаулы.

Егер ҚФФ-дан қоңырау шалса ше? Мен Қазақстан атынан өнер көрсетуге дайынмын. Әрине, бәрі жақсылап ойластырылуы керек, бірақ бұл – менің ішкі қалауым", – деді Картал.

Айта кетейік, 16 жастағы Тимурхан Картал – Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін "Чорум" командасының ойыншысы. Ақпан айында ол кәсіби футболдағы дебютін жасап, Кубок аясында "Болуспорға" қарсы матчта (2:1) алаңға қосалқы құрамнан шықты.

Талқылау