Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанға ерекше мәртебе беру: Бюджет тапшылығы кезінде қалада миллиардтаған қаржыға нысандар салынбақ

Сенат отырысында Түркістанға ерекше мәртебе беруге қатысты заң жобасы қаралып, сондай-ақ құрылысына миллиардтаған теңге бөлінетін кешендер жайлы сөз қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

түркістан сток

Фото: pixabay.com

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов кейінгі 6 жылда Түркістан қаласының бюджеті 5,5 есе өскенін айтты. 2018 жылы республикалық бюджеттен мақсатты трансферт 13 миллиард теңге болса, 2024 жылы 72 миллиард теңге болған. 

"Бірақ мұның оң әсері болды. Түркістанның өз табысы 14 есе өсті", – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қалада "Парасат" пен "Астана" саябақтарында реконструкция жүргізуге 10 миллиард теңге бөлінген. 

Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құруға 7 миллиард теңге қарастырылған. Ал 3 миллиард теңгеге олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт кешенін салуға 3 миллиард теңге бөоінбек. Ал спорт кешені бар ескек есуге арналған каналға 4 миллиард теңге бюджет қаражаты бағытталмақ. Шенеунік атаған нысандардың ішіндегі ең қымбаты ипподромы бар "көпсалалы кешен" болмақ. Құрылысына 12 миллиард теңге жұмсалады екен. 

Еске салайық, бұған дейін сенат Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңды мақұлдағаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау