Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жылда екінші рет: Түркістанда суши-пицца дайындайтын кафеде тағы да 14 адам уланды

14 адам уланғанФото: Видеодан скрин

Түркістанда алты ай бұрын антисанитарлық жағдайларға байланысты жабылған кафеде тағы да 14 адам уланды. Жарты жыл бұрын дәл осы мекемеден 50-ден көп тұтынушы зардап шеккен еді. Соған қарамастан, мекеме жұмысын жалғастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл жолы фаст-фудтан 14 адам уланып, медициналық көмекке жүгінген. Олар пицца, тауық еті және сушиға жеткізу қызметі арқылы тапсырыс берген. Сарапшылар қазір улануға нақты не себеп болғанын анықтауға тырысып жатыр. Айта кетейік, наурыз айында дәл осы мекемеде көптеген бұзушылықтар анықталған еді. Ол кезде ауызашар кезінде 68 адам зардап шегіп, кафе жабылған. Бірақ көп ұзамай кәсіп қайта жалғасты. Енді полиция қылмыстық істі қайта қозғады. Заңды қайта бұзғаны үшін иесіне қатаң жаза тағайындалмақ. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Өзбекстанда балабақшада 109 бала айраннан уланып қалды


Ақтөбеде балалармен қоса сегіз адам сушиден уланып қалды


“Бұл мекемеде топтық уланудың екінші жағдайы тіркелді. Жалпы зардап шеккендер саны – 14 адам. Науқастар пицца, суши және тауық етіне үйге жеткізу қызметі арқылы тапсырыс берген. Оқиғадан кейін Түркістан облысының аумақтық басқармалары жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде санитарлық талаптарды өрескел бұзу деректері анықталды”, – деді Түркістан облысының Санитарлық-эпидемиологиялық орталығы бастығының орынбасары Асқар Ысқақов. 

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында тойға барған қонақтар жаппай тамақтан уланып, 85 адам ауруханаға түскені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 31 Қазан, 2025 10:50
Талқылау