Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстіктегі резонансты іс: Әкесін ұрған ұлына қатысты үкім қайта қаралды

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған асаба қарғыстың астында қалдыФото: Видеодан скрин

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында қоғамды дүр сілкіндірген оқиға бойынша апелляциялық сот шешімі жарияланды. Өздігінен жүре алмайтын әкесін ұрып, сүйреген азаматтың жаза мерзімі 1 жылға ұзартылып, 6 жылға дейін көбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы, Жетісай ауданында Алмас Садақбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы аяқталды. Дәрменсіз әкесін сүйреп жүріп ұрған қатігез ұлға жаза мерзімі ұзарды. 

Алғашқы сот сатысында оған 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан еді. Бірақ, 41 жастағы асаба оған келіспей, апелляцияға беретінін айтқан. Фемида өкілдері кеңесе келе, сотталушының жасаған қылмысы ауыр деп бағалапты. Сөйтіп, өздігінен жүре алмайтын қауқарсыз қарияны қорлағаны үшін тағы 2 жыл бас бостандағынан айыру жазасын қосқан. Осылайша, әкесін аямаған ер адам түпкілікті 6 жылға бас бостанғынынан айырылып, жаза мерзімі ұзарды. 



Еске салайық, былтыр қыркүйек айында әлеуметтік желіде жантүршігерлік бейнежазба жарияланған еді. Онда ер адам өз үйінің ауласында өздігінен жүріп-тұра алмайтын қарияны сүйреп жүріп, жұдырықтағаны түскен. Айналада жас келін мен балалардың да қамсыз жүргені байқалды. Бұл видео ешкімді де бей-жай қалдырмады. Ақыры 70 жастағы қарияны азаптаған Алмас Садақбаев қамауға алынды. Өкініштісі сол, қорлық көрген қарт видео жарияланардан екі апта бұрын ажал құшқан екен.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 12:32