Түркістанда әкесіне балағат сөз айтып, ұрып соққан ер адам 5 жылға сотталды

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты әкесіне балағат сөздер айтып, ұрып-соққан ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
16 қаңтарда, сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп таныды:
- 110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – дәрменсіз күйдегі адамды азаптау;
- 107-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы – дәрменсіз жағдайда тұрған адамға орташа ауырлықтағы қасақана денсаулыққа зиян келтіру.
“Сот жеңіл жазаны ауыр жазамен алмастыру арқылы айыпталушыға орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті”, – деп үкімді оқыды судья.
Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде Түркістан облысында ер адамның өз әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, тіпті ұрып-соққан видеосы тараған еді. Облыстық полиция ер адамды қамауға алды. Жуырда әкесін аяусыз ұрған түркістандық ер адамға екі бап бойынша айып тағылғаны туралы жазған едік. Прокурор ер адамды 6 жылға соттауды сұрады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі