Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда 22 адам сушиден уланып, ауруханаға түсті

Түркістанда сушиден уланып 22 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Ауруханаға түскен науқастардың басым бөлігі тез дайындалатын тағамды үйге тапсырыс беріп алдырғаны анықталды. 

Жаппай улану жағдайын аймақтағы санитар мамандар әлі де тексеріп жатқанын және зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. 

Уланудың нақты неден болғаны да әзірге белгісіз. Белгілісі 50-ге жуық адам уланып, 22 науқас аурханада жатыр. 


Маңғыстау облысында бастауыш сынып оқушылары жаппай тамақтан уланып қалды


“Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды.  Оларға “тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай” диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылған”, – делінген Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Қобда ауданында 4-сынып оқушылары жаппай уланып, ауруханаға жеткізілген еді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 ақпанда Қобда ауданында болған. Қобыланды батыр атындағы орта мектептің 23 оқушысы шұғыл ауруханаға жатқызылған. Төртінші сынып оқушыларында жүрек айну, көзден жас ағу және бөртпе белгілері байқалған. Мәліметке сәйкес, балалар қытай тағамдарынан уланған. Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Талқылау