Түркістан облысының тұрғыны ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін халықаралық іздеуге жарияланды
Қазақстан азаматы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам басқа ұлт өкілдерінің тарапына дөрекі сөздер айтып, наразылығын білдірген бейнеролик жасаған.
Бұл видео құқық қорғау органдарының назарын аударып, күдікті анықталды. Ол Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қазір Қазақстан аумағынан тыс жерде.
- "Ұлттың ар-намысын қорлаған": Қазақтарға қарсы балағат сөздер айтып, бірін-бірі өлтіруге шақырған астаналық әйел сотталды
- Ресейдің саясаты мен әрекетіне қарсы пікір білдірген белсенді Данат Намазбаев түрмеден хат жазды
Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі өзгеріп, Энрике Иглесиас концерт береді: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
