Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің саясаты мен әрекетіне қарсы пікір білдірген белсенді Данат Намазбаев түрмеден хат жазды

Бұған дейін Ресейдің саясаты мен әрекетіне қарсы пікір білдірген блогер Данат Намазбаев түрмеден мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Facebook/Данат Намазбаев

"Ұлтаралық араздықты қоздырды" деген айыппен жазасын өтеп жатқан белсенді Данат Намазбаев түрмеден хат жазды.

“Құрметті достар, мен шынымен қалаған нәрсе орындалмады. Белгілі бір жағдайларға байланысты мені босатпады.   Сіздердің белсенді қатысуларыңызбен көп нәрсе жасалды, бірақ жазатайым оқиға немесе біреудің  сырқаты менің жоспарларыма кедергі келтірді. Шартты түрде босатуды күтіп, аппеляциялық шағым түсіремін.  Мен уақытымды лагерь рұқсат еткендей пайдалы етіп өткіземін, оқимын, жазамын, ойланамын, мұңайамын.  Бірақ бәрі өтеді де,  бұл да өтеді, ең бастысы өз "меніңді" жоғалтпау, сол есіммен, абыроймен қалу. Тіпті темір тордың ар жағында болсақ та біз өсуді және дамуды жалғастыра береміз.  Өздеріңізді күтіңіздер!”,- деп жазды ол.

Сондай-ақ блогер оқырмандарынан отбасына көмектесуін сұрап және ол жақсылықты ұмытпайтынын жазды.

Еске салайық, 2022 жылдың 14 наурызында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты блогер-белсенді Марғұлан Боранбай мен экономист Данат Намазбаевтың әрқайсысын бес жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сот екеуін де "билікті басып алу немесе күшпен алуға шақыру" туралы бабы бойынша кінәлі деп тапты. Сондай-ақ мәжіліс депутаттары сепаратистердің мәлімдемесінен кейін Намазбаев пен Боранбайдың ісін қайта қарауды талап етті.

 


 

Талқылау