Түркістан облысындағы лагерьде таяқ жеген балалардың оқиғасы: БҒМ мәлімдеме жасады
Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Түркістан облысындағы лагерьлердің бірінде тәрбиеші ұрып-соққан балалардың оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджанға сілтеме жасап.
Министрліктегілер балаға қарсы қолданған кез келген күштік іс-әрекет қатаң жазалану қажет екенін мәлімдеді.
«Екіншіден, жергілікті атқарушы органның мәліметіне қарасақ, аталған мекеме облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қорытындысын да алмаған.
Үшіншіден, облыстық білім басқармасының лагерьлер тізбесіне енбеген, білім саласына қарасты мекеме емес, жекеменшік демалыс үйіне жатады.
Төртіншіден, «Сұңқар» демалыс орны мемлекеттік конкурсқа қатысып, ағымдағы жылдың жаз айларында Түлкібас ауданының 800-ден астам оқушысын, Шардара ауданының 50 баласын сауықтыруда. Құжаттары болмаса, ол қалай конкурс ұтып алғаны зерттелетін болады», - делінеді хабарламада.
Қазіргі таңда тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Орын алған оқиға бойынша бірнеше заңсыз әрекеттер байқалды. Құзыретті органдар аталған оқиға бойынша өз құзыреті шеңберінде тексеріс жұмыстарын бастап, жағдайды жеке бақылауында ұстайды. Нәтижелері бойынша алдағы уақытта хабарланатын болады», - дейді министрліктегілер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы лагерьде балаларды ұрып-соғу оқиғасы жайлы жазған едік.