Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысындағы балаларға имамның аяғын уқалатқан медресе бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы алған

Имамның аяғына массаж жасап жатқан балалардың видеосы түсірілген Сарығаш медресесі 2018 жылдан бастап бюджеттен 1,93 миллиард теңгеден астам қаржы алған. Лоттарға қарасақ, қаражат кәмелетке толмағандарды оқытуға жұмсалған.

видеодан скрин

Мемлекеттік сатып алулар сайтынан Түркістан облысының білім басқармасы мен "Сарыағаш" медресе колледжі арасында жасалған барлық келісімшарттардың тізімін табуға болады.

Оған сәйкес, 2018 жылдан бері медресе облыс әкімдігінен мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүздеген миллион теңге алып келген. 

Түркістан облысының әкімдігі Қазақстандағы кез келген білім беру мекемесі, діни бағытына қарамастан, мемлекеттен қолдау ала алатынын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, 2018-2025 жылдар аралығында медресе 900 гранттық орын алған. Онда студенттер "Исламтану", сондай-ақ "Имам-хатиб" және "Оқытушы" біліктіліктері бойынша оқытылады.

2018-2024 жылдары медресе мемлекеттік бюджеттен 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы алған, ал 2025 жылға арналған келісімшарт сомасы 290 миллион теңге. Ол көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес ай сайын аударылып отырады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сарыағаш медресесінің директоры Абдіжаппар Смановқа балалардың массаж жасап жатқан видеосы тараған болатын.

Шағымдардан кейін Түркістан облысының білім басқармасы бұл балалардың Смановтың немерелері екенін және олардың оған құрмет көрсеткенін мәлімдеді.

Медресе Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Әбішұлының есімімен аталады, ол 1981 жылы 34 жасында қайтыс болған.

Талқылау