Түркістан облысындағы 12 адамның қазасынан кейін жаппай тексеріс жүргізіледі

Фото: Төтенше жаңдай министрлігі
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында 12 адамның өмірін қиған қайғылы өрттен кейін ТЖМ өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үй секторында жаппай рейдтер мен тексеріс жүреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әсіресе, коттедждер, жатақханалар мен хостелдер, сондай-ақ пеш жүйелерінің жағдайы ерекеше тексеріледі. Ақаулар анықталған жағдайда жедел шаралар қабылданады.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев қазаның себептерін зерттеп жатқан үкіметтік комиссия мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
“Құтқарушылар келген сәтте зардап шеккендердің бірі, 1986 жылы туған азамат, үйден өз бетімен шығып үлгерген. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, денесінің 12% күйік шалған. Тағы екі зардап шеккен 34 және 7 жастағы науқастар 30% және 11% күйік шалып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына Шымкенттен санитарлық авиация бригадасы ұшып барды”, — деп хабарлады үкімет.
Түркістан облысындағы өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
Өрт болған жерде Өртке қарсы қызмет комитеті мен тергеу басқармасы басшыларының құрамынан құрылған жедел топ жұмыс істеп жатыр.
Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер әкімдік пен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қаза тапқандардың отбасыларына толық материалдық көмек көрсетуді, Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда оларды санавиациямен Астанаға жеткізуді тапсырды. Ішкі істер министрлігіне алдын ала тергеудің барысын қадағалау жүктелді.
Еске салсақ, 18 қарашада таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке үйден 12 адамның мәйіті табылып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр