Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты (видео)
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, алты адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті
Желіде Түркістан облысында тас жолда ірі жол апаты түсірілген видео тарады.
Полиция мәліметінше, 3 ақпанда "Кентау-Түркістан" тас жолының 5-ші шақырымында екі "Ауди" көлігі соқтығысқан.
"Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласындағы медициналық мекемеге жатқызылды", – делінген хабарламада.
Полиция тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Түркістан облысының полиция департаменті баршаны жол қозғалысы ережелерін сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында Екатеринбург-Алматы тас жолындағы қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Қарағанды-Балқаш жолында 19 автокөлік соқтығысқан еді.