Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында зейнеткерді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған ер адам жазадан құтылып кетті

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында зейнеткерді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Соттың мәліметінше, 39 жастағы шетел азаматы мамыр айында түнде Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында зейнеткердің беті мен көзіне балтамен ұрып, арқанмен буындырып есінен тандырған. Артынша зейнеткерді бауыздап, екі қолы мен жыныс мүшесін кесіп алған.

Сотта айыпталушының кінәсі толық дәлелденген. Алайда сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысы күдіктінің "шизофренияның параноидті түрі" түріндегі созылмалы психикалық аурумен ауыратынын, 6 жылдан бері есепте тұратынын анықтаған. Айыпталушы қылмысты жасау кезінде өз әрекетінің сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғынбаған.


"Мәйітін мұздатқышта сақтаған": Ақтөбеде мейіргер танымал дәрігерді өлтіргенін мойындады


"Күдікті қоғамға қауіпті іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасаған адам ретінде қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Оған жіті бақыланатын мамандандырылған психиатриялық стационарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындалсын", – делінген Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысында. 

Сот шешімімен айыпталушы Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханасына жіберілген.

Ал марқұм зейнеткердің туыстары сот қаулысымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

Еске салсақ, бұған дейін әйелді баспалдақтан итеріп жіберген Амантай қажы даулы іс бойынша жазадан құтылып кеткені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 21:42
Талқылау